Кері қайту

Квантиферондық тест

Туберкулез –M. tuberculosis (MTB) (M. tuberculosis, M. bovis, M. africanum) күрделі инфекциялардан тудындайтын және қарым-қатынас жолымен берілетін ауру. Жұғу әдетте туберкулезбен сырқаттанатын науқас адамнан ауа-тамшылы жолмен беріледі. Инфицирленген адам туберкулезбен ауруды жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан бірнеше айлар аралығында аурады. Жасырын туберкулездік инфекция (ЛТБИ) қарым-қатынастық жолмен берілмейтін және ешқандай да бір симптомсыз жүретін ауру.

Бүгінгі уақытқа дейін Манту сынамасы және диаскин-сынақ ЛТБИ диагностикалаудың жалғыз ғана қолжетімді әдісі болды. Кейбір инфицирленгендерде туберкулинге реакция анықталмайды. Бұл топқа бірқатар аурулардың себебінен иммундық қызметтің бұзылысы бар, басқа да инфицирленген науқастар жатады. 

Квантиферондық сынақ — туберкулезді диагностикалауда in vitro қолдануға арналған диагностикалық сынақ жүйесі. Квантиферондық сынақ - M. tuberculosis арнайы антигеніне жауап ретінде сезімтал Т-лимфоциттерден өндірілетін гамма-интерферонды өлшеу негізінде жасырын туберкулез инфекциясын және белсенді туберкулезді диагностикалауға арналған сынақ.