Кері қайту

Листериоз IgG

Листериоз (синонимы: листереллез, невреллез, нәрестелердің гранулематозы, Тигр өзенінің ауруы) – Listeria monocytogenes бактериясынан туындайтын жұқпалы ауру. Листериоз адамға ауру жануарлардан жұғады: негізінен кемірушілерден, бірақ қоян, шошқа, жылқы, сиыр, тауық немесе үйректерден берілуі мүмкін. Инфекцияның берілу жолы – бактериямен залалданған азық-түліктерді пайдаланған кезде жұғады. Листериоздың жүкті әйелден ұрыққа құрсақішілік берілуі дәлелденген. Ауру қанның ауыр жұқтыру түрінде (сепсис) орталық жүйке жүйесінің, бауыр, көкбауыр және лимфалық түйіндердің зақымдануымен немесе жасырын созылмалы түрде өтеді. Инкубациялық кезең – 2-4 апта болады. Листериоздың жеті клиникалық түрлерін ажыратады:

  • ангинозды-септикалық;
  • көз-бездік;
  • бездік;
  • бас миының зақымдану басымдылығымен;
  • сүзек тәрізді;
  • жүктілердің листериозы;
  • нәрестелердің листериозы.

Осыған байланысты ауруды диагностикалау клиникалық көріністердің әрқилылығына байланысты қиындық туғызады. Диагностиканың «Алтын стандарты» арнайы қоректік ортада микробты себу болып саналады. Алайда мұндай талдауды орындау бір аптаға жуық уақытты алады. Существует альтернативный метод, хоть и не дающий 100% точности, однако позволяющий выявить заболевание в течение всего 2 дней, что дает возможность начать лечение как можно раньше!

«Listeria monocytogenes IgG анықтау» талдауы инфекцияның серологиялық диагностикасына жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелер анықталатын қан болып табылады. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда листерия антиген болып табылады. Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет листериозбен әрқашан күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgG антиденелері инкубациялық кезең аяқталғаннан кейін 10-15 күннен соң өндіріледі. IgG анықталуы ағзаның қоздырғышпен ұзақ уақыт жанасуын білдіреді.