Қандағы метионинді тандемді масс-спектрометрия (ТМС) әдісімен анықтау
Метионин - гомоцистеиннің ізашары болып табылатын және метилдену, ақуыздар мен липидтердің синтезі үдерістеріне қатысатын алмастырылмайтын аминқышқылы.
Қанның құрғақ дағындағы ТМС әдісімен жүргізілетін талдау күкірт құрамды аминқышқылдарының алмасу бұзылыстарын (гиперметионинемия және гомоцистинурия) дәл ажыратып диагностикалау үшін гомоцистеин деңгейін анықтаумен бірге қолданылады.