Gardnerella vaginalis-ті нақты уақыт тәртіптемесіндегі ПТР әдісімен анықтау
Қынаптық гарднерелла (Gardnerella vaginalis) - бұл ұсақ, капсуласыз, жылжымайтын, анаэробты актинтәрізді таяқшалар. Гарднереллаларқынап пен зәр-жыныстық жолда орналасатын шартты патогенді микроағзаларға тиесілі, олардың басқа микробтармен (мысалы, лактобактериялар) пайыздық арақатынасы айтарлықтай көп емес. Бірақ белгілі бір жағдайлар кезінде қынаптың қалыпты микрофлорасының көп бөлігі жойылады, басында басқа микробтарға қарағанда гарднерелла мөлшері жоғары болады, әрі қарай олардың өсуі мен көбеюін басып отыратын факторлар әсер етпей қалғанда көбейеді. Бұл бактериальды вагиноз түрінде жергілікті қабыну реакциясына әкеледі.
Лактобактериялардың өлуіне және Gardnerella vaginalis белсенділігінің артуына ықпал жасайтын факторлар:
Жиі хлорқұрамдас антисептиктермен бүркіп жуу;
- Құрамында 9-ноноксинол бар (спермицид майлауышы бар мүшеқап, балауыз) бала көтертпейтін дәрілерді қолдану;
- Жиі жыныстық серіктестерін ауыстыру, қорғалмаған жыныстық қатынас;
- Кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді жиі және негізсіз пайдалану;
- Ұзақ жүретін қабынулық сипаттағы аурулардың салдарынан жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуі;
- Иммундытапшылық жағдайлар;
- Иммундысупрессивтік емді қолдануды талап ететін ауруларды емдеу.
Қынаптық гарднерелла (Gardnerella vaginalis) негізгі берілу жолы – жыныстық, оральді-генитальдық және анальді-генитальдық қатынастар. Бұдан басқа жұқтырған адам жеке бас гигиена заттарын және жұққан киім-кешектерін қолданған кезде тұрмыстық-қатынастық жолмен де берілуі мүмкін. Теориялық тұрғыда бала босану жолдарнан өту барысында инфекция анадан балаға берілуі мүмкін, бірақ мұндай берілу жолы өте сирек байқалады. Көп адамдар инфекцияны тасымалдаушысы болып табылады, жоғарыда айтылғандай, жыныстық және қатынастық жолдар арқылы таралуы мүмкін. Көбінесе ер адамдар тасымалдаушылар болып табылады. Клиникалық көрінісі келесі симптомдармен көрінеді:
- Әйелдерде: Әдетте, қынаптан оның барлық қабырғаларына біркелкі төселген ақшыл-сұрғылт, сулы, аз мөлшерде бөліністер болады. Бөліністердің иісі өте жағымсыз («сасыған балық» иісі) болады. Мұндай иістің болуы гарднерелла тіршілік ету үрдісінде нәруыздарды ыдырататын арнайы ферменттердің бөлінуімен байланысты. Қынап шырышының құрамына кіретін нәруыздық молекулалармен олардың өзара әрекеттесуі кезінде арнайы иіс беретін химиялық қосылыс – диаминдер (кадаверин) түзіледі. Қышыну мен ашып ауру сирек кездеседі.
- Ерлерде: Симптомдары жұтаң немесе тіпті болмайды. Аса жирек жағдайда Гарднерелла ер адамдарда гарднерелла аралас баланопоститтің (еркек мүшесінің басы мен күпектің қабынуы) дамуына себепші болады, бұл жабысқақ қатпарланудың пайда болуы, мүшеде әр түрлі көлемде эритеманың (қызарудың) және жағымсыз иістің болуымен байқалады. Жиі бұл симптомдар арнайы емді қолданбай-ақ тез арада жойылып кетеді, бірақ инфекция несеп жолдында (уретрада) қалып қояды да соның салдарынан ер адам бұл инфекцияның тасымалдаушысы болады.