Биологиялық материалдан ПТР әдісімен қызамық вирусын анықтау
Қызамықтың қоздырғышы – РНҚ құрамдыс вирус (Rubella virus). Қызамық вирусы қатерсіз ағымда,көп жағдайларда симптомсыз түрде жүреді. Алайда әйелдер жүктілік уақытында жұқтырған кезде, әсіресе алғашқы 16 аптада ол ұрықтың өліміне немесе туа біткен даму ақауларына – туа пайда болған қызамық синдромы сияқты елеулі зардаптарға әкеледі. Бұл жағдайда дер кезінде қойылған диагноз өте маңызды және жүктілікті жүргізудің келесі тәсілдерін анықтайды.
Инфекцияның көзі мен резервуары –бөртпелер пайда болғанға дейін 1 апта ішінде және 5-7 күннен кейін кезеңдегі адам. Қандағы вирустың концентрациясы залалданудан бастап клиникалық белгілер пайда болғанға дейін шамамен 10-14 күннен кейін ең жоғары мәндерге жетеді. Бұл кезеңде науқастың қызамық вирусымен залалдануын тек тікелей диагностика әдісімен анықтауға болады, өйткені бұл сатыда «серологиялық саңылау» кезеңі болғандықтан серологиялық диагностикалау әдісімен залалдануды дәлелдеу мүмкін емес. Бөртпелер пайда болғаннан кейін вирус қанда 7 күн бойы анықталуы мүмкін. Ақырында вирус қаннан шығарылады және мұрын-жұтқыншақ жағындысында бөртпелер пайда болған сәттен бастап 2 аптаға дейін анықталады.
Балаларда туа пайда болған қызамық жағдайында вирус туғаннан бастап алғашқы 1-2 жасына дейін ағзадан бөлінеді. ПТР әдісі қызамық вирусын анықтаудың зертханалық диагностикасының перспективалық бағыты болып табылады.
Қызамық диагностикасының серологиялық және вирусологиялық тәсілдерімен салыстырғанда ПТР келесі артықшылықтарға ие:
• қоздырғышты тікелей анықтау;
• жедел, симптомсыз және аурудың баяу үдемелі түрінде диагностикалауға мүмкіндік беретін жоғары сезімталдығы, сондай-ақ, серологиялық әдістер әлі тиімді болмаған кезде («серологиялық саңылау») қарым-қатынаста болған адамдарға тексеруді жүргізу;
• зерттелетін материалда тек осы қоздырғышқа тән бірегей нуклеин қышқылының геномды аймағын анықтайтын жоғары арнайылығы, бұл жалған нәтижелерді алу мүмкіндігін жоққа шығарады.
«ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді! Зерттелетін материал – қан немесе аңқадан алынған қырынды болып табылады.