ИФТ әдісімен қан сарысуынан Helicobacter pylori-ге (HP) IgG анықтау
Helicobacter Pylori – адамның асқазаны мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) ойық жара дамуының негізгі себебі болып табылатын грамтеріс таяқша. Бұрын ойық жараны мүлдем басқа факторлар тудындатады деп есептеген, өйткені асқазанда қышқыл ортада асқазан сөлінде тірі қалатын микроағзалар бұрын анықталмаған.
1983 жылы австралия ғалымдары B.J. Marshall и J.R. Warren өздерінің зерттеу нәтижелерін жариялады, бұл ас қорыту жолының жоғарғы бөлімдерінің қабыну ауруларының табиғатына деген көзқарасына бетбұрыс болды. Олар кейіннен Helicobacter pylori деп аталатын гастритпен ауыратын науқастың асқазанының шырышты қабығынан шиыршықты микроағзаларды оқшаулап, өсіре алды. Helicobacter Pylori бактериясын ашылуы кең таралған ойық жара ауруын емдеудің сенсациялық қадам болды. Емдеу қағидасы мүлде өзгерді, өйткені міндетті түрде антибиотиктер қабылдау керектігі анықталды.
Helicobacter Pylori ауыз арқылы асқазанға түседі және жасушааралық аймақтың жасушалық эпителий жасушасына «адгезия» жабысады. Хеликобактер осындай «айла» тауып алады, өйткені бұл аралықтарда бактерияны ұстап алатын көп мөлшерде несепнәр және гемин бөлінеді. Бұл заттар микроағзаның қалыпты тіршілігіне қажет. Helicobacter Pylori уреаза ферментін несепнәрді ыдыратып, аммиак пен көмір қышқыл газын түзеді. Соңғылары бактерия айналасында қышқылды ортаны өзгертіп, оның тіршілк етуіне қолайлы жағдай жасайды. Әрі қарай хеликобактер асқазан қабырғасына уытты әсер етіп, тұрақты ақау – ойық жара туындатады!
Helicobacter Pylori анықтайтын көптеген тікелей және жанама әдістер бар. Асқазан шырышынан микроағзаның ДНҚ анықтаумен қоса гастроскоп бетінен жағынды алу ең сенімді болып табылады. Бұл әдістеменің бір кемшілігі ем-шараның техникалық жағынан күрделілігі: ауыз қуысы және өңеш арқылы арнайы құрал – фиброгастродуоденоскопты енгізіп, материалды алуды жүзеге асыру қажет. Зерттеу арнайы дайындықты қажет етеді. Демек, бұл әдіс кең ауқымда қолданылмайды. Бұл ойық жараға нақты белгілер болған кезде және диагнозды нақтылау үшін ғана тағайындалады.
Хеликобактерді анықтауға арналған тағы бір әдістеме бар, ол Helicobacter Pylori А иммуноглобулиндер класын (IgА) анықтау. Бұл әдіс ағзаның микробтың болуына жауап ретінде шығаратын нақты антиденелердің болуын анықтауға негізделген. IgА болуы Helicobacter Pylori ағзада 2-3 апта жүргенін, яғни жедел жұқпалы үрдіс туралы білдіреді. Әдіс жоғары сезімтал, қол жетімді және төмен бағада, бұл оны хеликобактермен жұқтыру қаупі жоғары емделушілер тобын (жалпы массадан) көрсету мақсатында кеңінен қолдану үшін қажет «скринингтік» болып табылады. Егер талдау оң нәтижелі болса, онда емделушіге биопсия жүргізу қажет, ал егер теріс нәтижелі болса- биопсия қажеттілігі жоқ.