ИФТ әдісімен қан сарысуынан Эпштейн-Барр вирусының (ҚГВ-IV) капсидті антигеніне IgG анықтау
Эпштейн-Барр вирусы (ЭБВ) жұқпалы мононуклеоздың қоздырғышы. Бірқатар ғылыми зерттеулерге сәйкес вирус лимфоманы, созылмалы шаршау синдромын және шашыраңқы склерозды қоса алғанда көптеген басқа патологиялардың дамуына ықпал жасайды.
IgG IgМ (иммуноглобулиндер) антиденелер – бұл нақты бөгде нәруызды жоюға бағытталған ағзаның иммундық жүйесінің арнайы компоненттері. ЭБВ анықталған жағдайда IgG өндірілуінде иммунитетті арандатушы нәруыз - вирустың қабығы - капсиді болып табылады. IgG аурудың өршу кезеңінде пайда болады, өзінің шарықтау шегіне екінші айда жетеді. Аурудан сауыққан соң антидене титрі төмендейді және ағзада бірнеше жыл сақталады.
Демек, қанда IgG анықталуы аурудың созылмалы түрге ауысқанын немесе қоздырғышқа қарсы күшті иммунитет барын білдіреді. Осы екі жағдайды ажырату үшін динамикада талдау жасау керек және нәтижелердің төмендеуін, жоғарылауын немесе өзгерістердің болмауын бақылау керек. Оңтайлы диагностикалау үшін Эпштейн-Барр вирусының капсидтік антигеніне IgM және IgG антиденелерін анықтайтын екі талдауды бір уақытта тағайындау қажет. Талдау жедел ауруды созылмалы аурудан ажыратуға мүмкіндік береді.
Аурудың жедел кезеңінде IgM деңгейінің жоғарлау аясында IgG қалыпты немесе сәл жоғарлауымен жүреді, ал созымалы ағымда керісінше - IgG концентрациясының жоғарлау аясында IgM деңгейі шамалы болады. Клиникалық көрінісі бар болып, бірақ талдаудың нәтижесі теріс болған жағдайда зерттеуді 2-4 аптадан кейін қайталау қажет.