Панкреатикалық эластазаны анықтау
Ұйқы безінің экзокриндік қызметін диагностикалайтын және бағалайтын «алтын стандарт»
Панкреотикалық эластаза ұйқы безінің ацинарлық жасушаларында синтезделеді және басқа ферменттермен бірге 12 елі ішекке белсенсіз профермент түрінде өндіріледі, бұл жерде трипсиннің әсерімен эластазаға айналады. Ішек жолы арқылы өткен кезде фермент әсерлесуге ұшырамайды, сондықтан оның нәжістегі құрамын ұйқы безіәнің экзокриндік қызметтің көрсеткіші ретінде қолданады. Нәжісті зерттеу кезінде сынақтың арнайылығы 94%, сезімталдығы 93% құрайды, бұл осы әдісті мінсіз сынақ, ұйқы безінің экзокриндік қызметінің бұзылыстарын диагностикалайтын «алтын стандарт» екенін білдіреді.
Ұйқы безінің экзокриндік қызметінің жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- Тамақ қабылдағаннан кейін қарындағы ауырлық сезімі
- Іштің кебуі
- Үлкен дәреттің әртүрлі бұзылыстары (іш қату, іш өтуі, 1 кг аса нәжіс бөліну - полифекалия)
- Түсінің, иісінің және консистенциясының (майлы, сұр түсті, ботқа тәрізді нәжіс, жабысқақ) өзгеруі
- Нәжісте қорытылмаған тамақтардың болуы
- Дене салмағының төмендеуі
Нәрестелерде
Панкреотикалық эластазаның құрамы төмен болады, ересектердегідей деңгейге 2 апталық жасында жетеді. Ұйқы безінің қабынуы (панкреатит) жағдайында панкреатиттік эластаза қанға қанға көп мөлшерде түседі. Нәжісте эластазаны анықтау муковисцидозды диагностикалауда аса маңызды, ол кезде экзокриндік бездердің шығарушы өзектерінде төселген жасушалардың құрылымы мен қызметі бұзылады, бұл өкпенің, асқазан-ішек жолының зақымдануына, ас қорыту үрдісінің бұзылысы (мұнда нәжістегі панкреатиттік эластазаның мөлшері айтарлықтай төмендегені байқалады) әкеледі. Тек ерте диагностикалау бұл аурудың өлім себебінің алдын алады. Нәжісте панкреатиттік эластазаны анықтау созылмалы панкреатитпен, ұйқы безінің ісігімен, холелитиазбен немесе диабетпен (концентрациясының шамалы төмендеуі) амалданған ұйқы безінің экзокриндік қызметінің жеткіліксіздігін жоққа шығару немесе растау үшін құнды болып табылады. Нәжісте панкреотикалық эластазаны анықтаудың артықшылығы: ұйқы безі үшін панкреатиттік эластаза абсолютті арнайылығында, ішектік транзит үрдісінде тұрақты, нәжістегі концентрациясы ұйқы безінің секреторлық қызметін айқындайды, орынбасушы ферменттік ем оның концентрациясына әсер етпейді, нәтижелер бойынша тек ұйқы безінің ферменттік жеткіліксіздік деңгейі туралы пікір ғана айтып қоймай, экзокриндік қызметті динамикада бағалауға болады.
Зерттеуге дайындық
Қалақ пен бұрандалы қақпағы бар арнайы контейнерді алдын ала саты палу қажет. Нәжіс контейнердің 1/3 аспау керек. Контейнерге зерттелушінің аты-жөнін, тегін, туған жылын, материалды алған күні мен уақытын түсінікті жазумен жазу қажет. Материал жиналған күні зертханаға жеткізілу керек. Материалды алу барысында зәр, жыныс мүшелердің бөліністері араласып кетпеген жөн. Материалды зертханаға жібергенге дейін тоңазытқышта +4...+8°С сақталуы керек. "Панкреотикалық эластазаны анықтау" зерттеуіне дайындық туралы жадынаманы мына жерден жүктеп алуға болады.