«B және C вирустық гепатиттерін кешенді диагностикалау» пакеті
В және С вирустық гепатиттерін диагностикалауға арналған кеңейтілген кешенді зерттеу.
Зерттеу антигендер мен антиденелерді анықтауды, сондай-ақ ПТР әдісімен HBV DNA және HCV RNA-ны сапалық анықтауды біріктіреді. В гепатитінің серологиялық бейінін бағалауға, В және С гепатиті вирустарының генетикалық материалын анықтауға, сондай-ақ D гепатитіне скрининг жүргізуге мүмкіндік береді.
Кешен бастапқы тексеру нәтижелері оң немесе күмәнді болғанда, жедел немесе созылмалы вирустық гепатитке күдік туындағанда және себебі белгісіз бауыр аурулары кезінде ұсынылады.
Нәтижелер дәрігерге пациентті одан әрі тексеру және бақылау тактикасын анықтауға көмектеседі.
Пакет құрамы:
- HBsAg - В гепатиті вирусының беткейлік антигені
- Anti-HBc total - HBcAg-ге жалпы антиденелер
- Anti-HBc IgM - HBcAg-ге IgM класты антиденелер
- Anti-HBs - HBsAg-ге қарсы антиденелер
- HBeAg
- Anti-HBe - HBeAg-ге қарсы антиденелер
- HBV DNA, сапалық анықтау (ПТР; 100 ХБ/мл)
- Anti-HDV total - D гепатиті вирусына жалпы антиденелер
- Anti-HCV total - С гепатиті вирусына жалпы антиденелер
- HCV RNA, сапалық анықтау (ПТР; 100 ХБ/мл)