Пакет «Гормондық контрацепцияны жоспарлау: Генетикалық профиль (MTR, MTRR, MTHFR, F II, F V)»
«Гормоналды контрацепцияны жоспарлау» генетикалық профилі - бұл MTR, MTRR,
MTHFR (фолат алмасуына жауапты) және FII, FV (қанның ұю факторлары) гендеріндегі полиморфизмдерді анықтауға бағытталған кешенді молекулалық-генетикалық зерттеу.
Клиникалық көрсеткіштер:
- Гормоналды контрацепцияны немесе гормон алмастыру терапиясын
жоспарлау. - Тромбоз немесе тромбоэмболия (пациенттің немесе жақын туыстарының
анамнезінде). - Жүктілік кезінде болған тромбоэмболиялық асқынулар (анамнезде).
- Жүрек-қан тамырлары аурулары (ишемиялық жүрек ауруы, ишемиялық
инсульт, артериялық гипертония, атеросклероз).
Анамнездік көрсеткіштер:
- Отбасылық анамнезде: Тромбоздар немесе, тромбоэмболиялар; Жүктіліктің асқынулары (түсік тастау, преэклампсия, жатырішілік ұрықтың өлімі); Ерте жастағы миокард инфарктілері немесе инсульттер.
- Өмір салты мен қосымша факторлар: Шылым шегу; Метотрексат, құрысуға қарсы дәрілер, фолий қышқылының антагонистері немесе фолаттың сіңуіне кедергі келтіретін басқа препараттарды ұзақ қабылдау; В12 витаминінің сіңуін бұзатын асқазан-ішек жолының патологиялары; Бүйрек аурулары, гемодиализ;
Ұзаққа созылатын созылмалы инфекциялар; Теңгерімсіз диета.