Паратгормон
Паратиреоидты гормон (ПТГ) – қалқанша маңы безінің гормоны. ПТГ деңгейі тікелей кальций деңгейіне байланысты – неғұрлым кальций аз болса, соғұрлым ПТГ көп өндіріледі және керісінше. Мұндай тәуелділік гормонның кальций концентрациясын реттейтін негізгі қызметіне байланысты.
Егер өмірлік маңызы бар микроэлементтің деңгейі төмендесе, онда паратгормон сүйек құрылымының арнайы жасушалары – остекластарды белсендіреді, ол сүйек ұлпасын бұзады, соның салдарынан қанға «босап шыққан» кальций түседі. Сондай-ақ кальцийдің ішек арқылы сіңірілуі күшейеді және бүйрек арқылы шығарылуы төмендейді.
Кальций концентрациясының төмендеуі және паратгормонның жоғарлауы – остеопороз дамуының маңызды бөлігі. Бұл ауру сүйек тығыздығының төмендеуімен және соның салдарынан олардың деформациялануы мен сынғыштыққа бейімділіктің артуымен сипатталады.