«Бауырды тексеру» профилі
Бауыр қоректік заттардың алмасуына, уытты қосылыстарды залалсыздандыруға, өт түзілуіне, ақуыздардың синтезіне және қанның қалыпты ұюын қамтамасыз етуге қатысады.
«Бауырды тексеру» профилі бауыр жасушаларының жағдайын, өттің ағуының бұзылу белгілерін, билирубин алмасуын және ағзаның ақуыз-синтетикалық функциясын кешенді бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді біріктіреді.
АЛТ, АСТ және ЛДГ жасушалардың зақымдану белгілерін анықтауға көмектеседі. Сілтілі фосфатаза, ГГТП және тікелей билирубин ықтимал холестазды бағалау үшін қолданылады. Жалпы ақуыз, альбумин және қанның ұю көрсеткіштері бауырдың синтетикалық функциясын көрсетеді. АФП анықтау бауырдың созылмалы аурулары бар пациенттерді тексеруді толықтырады.
Профильді бауырдың жағдайын бастапқы бағалау, қанның биохимиялық талдауындағы өзгерістердің себептерін нақтылау және бұрын анықталған аурулар кезінде бақылау үшін қолдануға болады.
Профиль құрамы
- Аланинаминотрансфераза (АЛТ)
- Аспартатаминотрансфераза (АСТ)
- Сілтілі фосфатаза
- Гамма-глутамилтрансфераза (ГГТП)
- Лактатдегидрогеназа (ЛДГ)
- Жалпы ақуыз
- Альбумин
- Жалпы билирубин
- Тікелей билирубин
- Альфа-фетопротеин (АФП)
- Протромбин уақыты (ПУ), ПТИ және ХҚҚ (МНО) есептеуімен