«Остеопороз» бейіні
Остеопороз — сүйек тінінің тығыздығы төмендеп, сыну қаупі жоғарылайтын ауру. Аурудың бастапқы кезеңдерінде симптомдар жиі байқалмайды, сондықтан зертханалық диагностика сүйек алмасуының бұзылыстарын анықтауда, аурудың үдеу қаупін бағалауда және емнің тиімділігін бақылауда маңызды рөл атқарады.
«Остеопороз» пакеті сүйек тінінің түзілуі мен бұзылу үдерістерін, сондай-ақ кальций мен фосфор алмасуын бағалауға мүмкіндік беретін заманауи зертханалық маркерлерді қамтиды:
- P1NP - сүйек тінінің түзілу маркері;
- Остеокальцин - сүйек түзілу белсенділігінің көрсеткіші;
- Beta-CrossLaps (β-CTX) - сүйек тінінің резорбциясы (бұзылуы) маркері;
- Паратгормон - кальций-фосфор алмасуының негізгі реттеушісі;
- Жалпы және иондалған кальций - ағзаның кальциймен қамтамасыз етілуінің көрсеткіштері;
- Фосфор - сүйек тінінің қалыптасуына қатысатын минералдық алмасудың маңызды элементі.