«Вегетариандық» профилі
Профиль ет өнімдерін шектейтін немесе оларды рационнан толықтай алып тастайтын адамдарда жиі кездесетін тапшылық жағдайлары мен зат алмасу бұзылыстарын кешенді бағалауға арналған. Зерттеу дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығын, ақуыз алмасуын, сүйек тінінің жағдайын, энергетикалық алмасуды бағалауға және метаболизмдік бұзылыстардың даму қаупін анықтауға көмектеседі.
Профиль құрамына кіреді:
- D дәрумені (25-ОН)
- В12 дәрумені
- Фолий қышқылы (В9 дәрумені)
- Жалпы кальций
- Жалпы ақуыз
- Темір (Fe)
- Ферритин
- Жалпы холестерин
- Бейорганикалық фосфор
- Лептин
- Жалпы қан талдауы (ЖҚТ)
D дәрумені, кальций және фосфор сүйек тінінің қалыптасуы мен беріктігін сақтауға қатысады.
В12 дәрумені мен фолий қышқылы қан түзілуінің қалыпты жүруі, жүйке жүйесінің жұмысы және ДНҚ синтезі үшін қажет. Олардың тапшылығы анемияның, созылмалы шаршаудың және неврологиялық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.
Темір, ферритин және жалпы қан талдауы ағзаның темірмен қамтамасыз етілуін бағалауға және жасырын тапшылықты немесе анемияны уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы ақуыз тағаммен бірге ақуыздың жеткілікті мөлшерде түсуін және ақуыз алмасуының жалпы жағдайын көрсетеді.
Жалпы холестерин жасуша мембраналарының, D дәруменінің, өт қышқылдарының және стероидты гормондардың синтезіне қатысады.
Лептин - қанығу сезімін және энергетикалық алмасуды реттейтін май тінінің гормоны. Оның деңгейін анықтау метаболизм ерекшеліктерін, лептинге төзімділіктің даму қаупін және дене салмағын реттеудің бұзылыстарын бағалауға көмектеседі.