Кері қайту

Протромбин уақыты + ХНҚ

Көрсеткіш Протромбиндік Уақыт (ПУ/ПВ) 

Протромбиндік уақыт (ПУ/ПВ) қан ұю жүйесінің бағалау үшін маңызды скринингьік талдау болып табылады. Көрсеткіш қан сарысуында биологиялық белсенді затты, оған қоса кальций иондарын қосу арқылы қан ұюдың сыртқы жолының белсенуі кезінде түзілетін фибриндік ұйысып қалу уақытын көрсетеді. 

ПУ І (протромбиназа түзілу) және ІІ (тромбин түзілу) плазмалық гемостаз фазасын, ұюдың сыртқы жолын көрсетеді. Неғұрлым ПУ мәні көп болса, соғұрлым ағзада қан кетуді тоқтатуға көп уақыт қажет. 

ПУ қысқаруы қан ұюының жоғарлауын білдіреді, бұл жиі аяқтың терең көк тамырлар тромбозының бастапқы сатысында болады. Протромбин фибриногеннің белсенсіз түрден белсенді түрге трансформациялануы үшін қажет тромбиннің ізашары болып табылады. 

Кейінірек фибриноген өзінің жіпшелерімен тромбты «өру» жолымен қан кету үрдісін аяқтайды. Протромбин синтезі ішектің қалыпты микрофлорасымен өндірілетін К дәруменнің қатысуымен бауырда жүзеге асырылады. 

Сынақты жанама әсерлі антикоагулянттармен (варфарин) емдеуін бақылау, протромбиндік кешендегі II, V, VII, X факторлар санының өзгеруін және белсенділігін, сондай-ақ бауырдың жұмыс істеу қабілетін анықтау үшін қолданады. 

ПУ анықтау гемостаз жүйесінің басқа да көрсеткіштерін - МНО және ПТИ (халықаралық нормаланған қатынас) санау үшін қажет. МНО төмендегі формула бойынша есептеледі: 

МНО Халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелетін қан ұю жүйесінің жағдайының көрсеткіші. 

ХНҚ – бұл алдын ала анықталған дені сау тексерілушілердің ПУ көптеген мәндерінің арифметикалық орташа мәнін есептеу арқылы науқастың протромбин уақытының (ПУ) стандартты орташа протромбин уақытына қатынасы. 

ПУ тек науқастың қанына ғана емес, ол реакцияны қою үшін қолданылған реагентке де байланысты. егер ПУ орташа мәні бір реагентті пайдаланып есептелсе, ал зертхана басқа реагентті қолданса, демек, бұл көрсеткіштерді салыстыруға болмайды деген сұрақ заңды. 

Зертханашы -дәрігер мұны да ескерді. Кез келген реагенттің аңдатпасында (аннотация) Халықаралық сезімталдық индексі (ХСИ/МИЧ) көрсетіледі, әрбір ХСИ мәніне қалыпты орташа ПУ белгілі көрсеткіштері сәйкес келеді. 

Талдауды тағайындаудың негізгі мақсаты – бұл қанның ұюына әсер етуші (антикоагулянттар) дәрі-дәрмектің мөлшерін таңдау. Неғұрлым ХНҚ аз болса, соғұрлым науқастың қаны тромб түзілуіне бейім. ХНҚ мәні нормадан жоғары болғаны гипокоагуляцияны- ауыр қан кетулер қаупі жоғары екендігі туралы білдіреді. 

Ең дұрысы ХНҚ бірге (1) тең болу керек, бұған антикоагулянттар мөлшерін таңдағанда дәрігерлер де ұмтылады. Егер науқас тромбозға әкелуі мүмкін аурулармен (жыбырлақ ырғақсызды

қ, жүрек қақпақшаларының протезі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, терең көк тамырлар тромбозы) сырқаттанса, онда ұсынылған ХНҚ 2,0-3,0 құрайды. 

Сондай-ақ оқыңыз: "Коагулограмма және оның көрсеткіштері"