С-пептид
С-пептид – проинсулин молекуласының ыдырау нәтижесінен инсулинмен бірге түзілетін химиялық қосылыс. С-пептид және инсулин қанға бірдей мөлшерде бөлінеді. Алайда С-пептид өзінің бірнеше ерекшеліктерін қарай қант диабетін диагностикалауда ақпараты толымды болып келеді: біріншіден – биологиялық белсенділігі төмен, сондықтан оның концентрациясы инсулин деңгейіне қарағанда тұрақты болады. С-пептид ағзаға сырттан түспейді, сондықтан зерттеу инсулин препараттарын қабылдау кезінде де эндогендік инсулиннің мөлшерін анықтауға көмектеседі. Егер науқас құрамында инсулині бар дәрі-дәрмек қабылдайтын болса, онда емді тоқтатпайынша меншікті ағзаның өзі бөліп шығаратын инсулин мөлшерін анықтау мүмкін болмайды. Осы мәселені шешуге тек С-пептид көмектеседі.
Сондай-ақ пептид инсулиноманы анықтау үшін қолданылады: талдау таңертен жасалады, көк тамырға 0,1 ЕД/кг дене салмағының есебінде инсулин енгізіледі. Одан кейін 1 сағаттан соң қайтадан қан алынады: егер С-пептид деңгейі 50% -дан кем төмендесе, бұл инсулинома бар екендігі туралы мәлімдеді. («Зертханалық диагностикалау әдісі», проф А.А.Кишкун, 2007ж).