Талдаулар тізіміне

Ит + аллергокомпоненттер

Аллергокомпоненттерді анықтай отырып, ит аллергеніне рефлекс-тестілеу (тек ОЛИМП КДЗ-сында эксклюзивті).

Егер сізде немесе балаңызда итпен байланыс кезінде түшкіру, мұрыннан су ағу, мұрын бітелуі, көздің қышуы, жөтел, бөртпе немесе тұншығу ұстамалары пайда болса - бұл ит аллергендеріне аллергияның көрінісі болуы мүмкін.

Аллергия иттің әртүрлі ақуыздарынан туындауы мүмкін, сондықтан ағзаның нақты қай компонентке реакция беретінін анықтау маңызды. Бұл қауіпті дұрыс бағалауға, өмір салты бойынша ұсыныстар беруге және емдеудің оңтайлы тактикасын таңдауға көмектеседі.

Зерттеу нені көрсетеді ?

Талдау иттің негізгі аллергокомпоненттеріне аллергиялық реакцияның бар-жоғын анықтайды:

Can f 1 (e101)

  • Негізгі аллерген, иттің эпителийі мен жүнінде болады. Көбінесе респираторлық симптомдармен - аллергиялық ринитпен және бронх демікпесімен байланысты.

Can f 2 (e102)

  • Эпителийдің негізгі аллергендеріне жатады. Тыныс алу жолдары тарапынан айқын симптомдар тудыруы мүмкін.

Can f 3 (e221)

  • Сарысулық альбумин басқа жануарлармен (мысалы, мысықпен, жылқымен), кейде етпен айқаспалы аллергияның себебі болуы мүмкін. Кеңірек сенсибилизацияны бағалау үшін маңызды.

Can f 5 (e226)

  • Еркек иттердің қуықасты безінде түзілетін спецификалық аллерген. Can f 5-ке сезімталдық негізінен еркек иттерге реакция бар екенін көрсетуі мүмкін.

Талдау қалай жүргізіледі ?

  • Қан көктамырдан бір рет алынады.
  • Алдымен ит аллергеніне жалпы IgE деңгейі анықталады.
  • Егер реакция анықталса, автоматты түрде жеке аллергокомпоненттерге (Can f 1, Can f 2, Can f 3, Can f 5) қосымша зерттеу жүргізіледі.
  • Егер ит аллергеніне реакция болмаса, компоненттік зерттеу жүргізілмейді.
  • Қанды қайта тапсыру қажет емес.

Аллергокомпоненттерді анықтау не үшін маңызды ?

Компоненттік диагностика мүмкіндік береді:

  • итке нағыз аллергияны анықтауға;
  • ауыр симптомдардың, соның ішінде астманың даму қаупін бағалауға;
  • басқа жануарлармен айқаспалы аллергияны анықтауға;
  • кейбір иттермен байланыс мүмкіндігін түсінуге;
  • дәрігерге дұрыс емдеу және бақылау тактикасын таңдауға көмектесуге.

Неліктен ImmunoCAP ?

Зерттеу ImmunoCAP жабдығында жүргізіледі - аллергияны зертханалық диагностикалаудың әлемде мойындалған технологиясы.

Артықшылықтары:

  • жоғары дәлдік пен сенімділік;
  • IgE антиденелерінің ең төмен деңгейін анықтау мүмкіндігі;
  • қауіпсіз - аллергенмен тікелей байланыс болмайды;
  • балалар мен ересектерге жарамды;
  • антигистаминдік препараттарды тоқтатуды қажет етпейді.