Кері қайту

Спермограмма

Спермограмма-бұл ерлердің ұрықтану қабілетін бағалау үшін қолданылатын аталық бездің сұйықтығын (шәуетті) зерттеу. Бұл талдауда шәуеттің саны мен сапасы бағаланады. Шәует – шәует жасушасы мен аталық жыныс безі сұйықтығының өнімдері бар, тұтқыр ақшылттау түсті сұйықтық. Шәует жасушасы – бұл басы мен құйрығы бар шәует жасушасы.  Қалыпты жғадайда олар жылжымалы және алға жылжуға тырысады. Шәует жасушасының мұндай қабілеті әйел адам ағзасында аналық безге жетуіне және онымен қосылуға мүмкіндік береді, бұл ұрықтануға әкеледі.  Шәует сынамасында шәует жасушасының жұмыс істеуі және ұрықтандыру үрдісі үшін қажет миллиондаған шәует жасушалары және әртүрлі мөлшерде фруктозалар, лубриканттар мен ферменттер болады.

Дайындық ережесі: Үлгілерді 2-ден 7 күнге дейін жыныстық қатынасты тоқтатқаннан кейін жинау керек.Осы кезеңде ішімдік ішуге, дәрі-дәрмектер қабылдауға (тек дәрігер нұсқауымен үнемі қабылданатын дәрілік заттардан басқа) тыйым салынады, жоғары температураның әсерін болдырмау (моншада/саунада, өндірісте, дене қызуы көтерілген жағдайларда), сондай-ақ ультражоғарыжиіліктің (УВЧ) әсерін болдырмау қажет.Тапсырудан бір күн бұрын ауыр физикалық және психологиялық жүктемелерді болдырмау қажет.Тапсырудан кемінде үш сағат бұрын темекі шегуге тыйым салынады.Қабыну аурулары кезінде шәуетті (эякулят) тапсыру қажет емес. Сауыққаннан кейін бір аптадан соң зерттеу жүргізу ұсынылады.Талдау материалды зертхананың арнайы оқшауланған бөлмесінде жүргізіледі.