Талдаулар тізіміне

Қандағы қорғасын (Pb) хроматография)

Кез-келген қан талдауына дайындықтың жалпы ережелері:

Алу аш қарынға жасалады. Соңғы тамақ ішу:

  • 1 жасқа дейінгі балалар үшін қан алғанға дейін 3-5 сағат бұрын,
    Қалған жастағы адамдар үшін - 8-12 сағат бұрын (липидті спектрді зерттеу үшін - 12 сағат).
  • Глюкозадан басқа қанды зерттеудің барлық түрлері үшін 200 мл-ден аспайтын газдалмаған ауыз су ішу (шай, кофе, шырындар және т.б. ішпеу).

Шектеулер

  • Қуырылған және майлы тағамдар - талдаулар тапсыруға дейін 2 күн бұрын тамақ ішпеу.
  • Алкоголь - талдаулар тапсыруға дейін 24 сағат бұрын ішпеу.
  • Темекі - талдаулар тапсыруға дейін бір сағат бұрын темекі шекпеу.
  • Күшті физикалық белсенділік - талдаулар тапсыруға дейін 3 күн бұрын жасамау.
  • Дәрі-дәрмектер, ББҚ, спорттық тағамдар - талдаулар тапсыруға дейін 14 күн бұрын қабылдауды тоқтату.
  • Биотиннің жоғары мөлшерлері (күніне 5 мг-нан астам) - талдаулар тапсыруға дейін 8 сағат бұрын қабылдамау.

Ұсыныстар

  • Қан алу пунктінде талдаулар тапсыруға дейін 15-20 минут демалу.
  • Талдауларды қайта тапсыру бір уақытта, бір қалыпта және бұған дейін талдаулар тасырылған зертханада жүргізілуі керек.
  • Егер сіз дәрі-дәрмектерді таңертең белгілі бір уақытта ғана қабылдайтын болсаңыз, онда оны қан тапсырғаннан кейін немесе емдеуші дәрігермен алдын-ала кеңескеннен кейін жасаған дұрыс.