B6 дәруменін (пиридоксин) анықтау (хроматография)
В6 дәрумені орталық және шеткері жүйке жүйесінің қалыпты қызметі үшін қажетті зат алмасуға қатысады.B6 дәруменінің әртүрлі нұсқасы адам ағзасында пиридоксаль-5-фосфатқа айналады.Пиридоксаль-5-фосфат амин қышқылдарын карбоксилсіздендіру, трансаминдеу және рацемизациялауды іске асыратын ферменттердің құрамына, сонымен қатар күкіртті және гидрооксилденген амин қышқылдарын ферментативтік түрленуіне кіреді. Триптофаннан серотониннің, метионин, цистеин және басқа амин қышқылдарының синтезделуіне қатысады. Гистаминнің алмасуына қатысады. Макроэлементтердің көптеген метаболизм аспектілеріне, нейротрансмиттерлер (серотонин, дофамин, адреналин, норадреналин, ГАМҚ), гистамин синтезіне, гемоглобин синтезі мен қызметіне, липидтік синтезге, глюконеогенезге, гендердің экспрессиясына қатысады.
B6 дәрумені (пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин) көптеген өнімдердің құрамында бар. Әсіресе дәнді-дақылдар, грек жаңғағы мен фундук, асжапырақ, картоп және тәтті картоп, сәбіз, гүлді қырыққабат, ақбас қырыққабат, қызанақ, құлпынай, қызыл шие, апельсин және лимон, авокадо В6 дәруменге аса бай, ет және сүт өнімдерінде, балықта, жұмыртқада, жармада және бұршақтарда аз мөлшерде болады. Бұдан бөлек, бұл дәрумен ағзада ішек микрофлорасымен синтезделеді.
B6 дәрумені ағзаға тағамдар арқылы түседі, сондай-ақ ішек микрофлорасымен синтезделеді.Адамда В6 тапшылық симптомдары – микроцитарлы анемия, дерматиттер, оған қоса хейлит (ауыздық), себорея және глоссит (тілдің ісінуі), күйзелу, бөгеліп қалу, есінің шатасуы, иммунды ахуалдың әлсіреуі; сондай-ақ балаларда қозғыштық, сезімтал есту, құрысулар болады.B6 дәруменнің шамадан тыс болу симптомдары – қозғалыс координациясының күшті бұзылыстары, терінің ауырсынып зақымдануы, күн сәулесіне жоғары сезімталдылық, лоқсу, қыжылдау байқалады.B6 дәрумен құрамын талдауға сұйықтық хроматография әдісімен қандағы пиридоксальфосфатты тексеру ұсынылады.