Зәрдегі йод (I) (хроматография)
Йод – қалқанша безі гормондарының құрамына кіретін өмірлік маңызды элемент. Берілген сынақ ағзадағы микроэлементтің тепе-теңдігін бағалауға арналған. Йод тапшылығы кезінде қалқанша безі гормондары жеткіліксіз өндіріледі, бұның көптеген зардабтары (жемсау, гипотиреоз, дамудың тежелуі, репродукцияның бұзылуы) бар. Йодтың ағзадан ең бастысы бүйрек арқылы (70–90%) шығарылады, сондықтан йодтың зәрмен шығарылуы (экскреция) йодпен қамтамасыз етумен реттеледі.
Зәрдегі йодтың концентрациясы оны дұрыс қабылдауын айғақтайтын көрсеткіш болып саналады. Йодтың бір реттік зәрдегі мөлшері тәуліктік зәрдегі йод деңгейімен жақсы реттеледі. Зәрді зерттеу қанды зерттеумен салыстырғанда, әсіресе педиатриялық тәжірибеде, сондай-ақ қажет болған кезде қайталап талдау жасағанда ыңғайлы. Йодтың шамадан тыс болуы қалқанша безде түйіндердің түзілуімен болатын (қалқанша без гормандарының деңгейі төмен) гипотиреозды немесе гипертиреозды (қалқана без гормондарының деңгейі жоғары) тудыруы мүмкін.
Талдау тапсыруға дайындық.
- Зәрді жинау қарсаңында ішімдікті, ащы және тұзды тағамдарды, зәрдің түсін өзгертетін тағамдарды (қызылша, сәбіз) қабылдау ұсынылмайды;
- Зәрді жинар алдында сыртқы жыныс мүшелерін мұқият тазалау;Әйелдерге етеккір уақытында талдау жасауға кеңес берілмейді;
- Емшектегі балаларда – сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуу, зәрді несеп қабылдағышқа жинаған дұрыс. Жөргектен сығылып алынған зәр зерттеуге жатпайды.зәр
«ОЛИМП» КДЗ емшара бөлмесінен немесе дәріханадан алдын-ала сатып алынған стерильді зәрге арналған бірреттік контейнерге жиналады;зәр жиналған соң ыдыстың беті нығыздалып жабылады, таза бірреттік қалтаға салынып, «ОЛИМП» КДЗ емшара бөлмесіне жеткізіледі.