Талдаулар тізіміне

«Бүйректі тексеру» бейіні

«Бүйректі тексеру» профилі - бүйректің функционалдық жағдайын бағалауға және олардың қызметінің бұзылу белгілерін ерте анықтауға арналған кешенді зертханалық зерттеу. Зерттеуді созылмалы аурулар кезінде скрининг ретінде, сондай-ақ бүйрек функциясын динамикалық бақылау үшін қолдануға болады.

Профиль құрамына кіреді:

  • Креатинин
  • Цистатин C
  • Мочевина
  • Калий
  • Натрий
  • Жалпы кальций
  • Магний
  • Фосфор
  • Жалпы зәр талдауы
  • Альбумин/креатинин арақатынасы (ACR)

Креатинин, мочевина және Цистатин C бүйректің сүзу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте Цистатин C шумақтық сүзілу жылдамдығының (ШСЖ) ерте төмендеуін анықтауда анағұрлым сезімтал маркер болып саналады және креатинин деңгейі жоғарылағанға дейін бүйрек функциясының бұзылуын анықтауға көмектеседі.

Жалпы зәр талдауы несеп шығару жүйесінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, ал ACR зерттеуі бүйректің ерте зақымдануын анықтауға көмектеседі, әсіресе қант диабеті және артериялық гипертензиясы бар пациенттерде.

Калий, натрий, кальций, магний және фосфор деңгейлерін анықтау бүйрек аурулары кезінде жиі бұзылатын су-электролиттік және минералдық теңгерімді бағалауға мүмкіндік береді.